Мемлекет басшысы саммит аясында Палестина президентімен де кездесті. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Махмуд Аббас елдер арасындағы байланысты дамыту перспективаларын қарастырып, қазіргі заманның сын-қатерлері туралы пікір алмасты. Әрі Палестина басшысы саммитті жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін алғыс айтып, қабылданатын шешімдер мен қол қойылатын құжаттар өзара ынтымақтастықты тереңдетуге ықпал ететініне сенім білдірді.
Досжан Маратұлы