Қант өндіруге керек шикізатты елге жеткізуге 2,5-3 ай уақыт қажет - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қант өндіруге керек шикізатты елге жеткізуге 2,5-3 ай уақыт қажет

12.10.2022

Қант өндіруге керек шикізатты елге жеткізуге 2,5-3 ай уақыт қажет. Егер зауыттар бөлінген қаржыны алып, жоспарланған мөлшерде қант шығаратын болса, ішкі нарықты өніммен толық қамтуға мүмкіндік болады дейді қауымдастық басшысы. Бірақ өнім шығаруға шикізат тапшылығы ғана кедергі емес. Айжан Наурызғалиеваның сөзінше, жақында Қазтрансгазаймақ қант зауыттарынан газ тұтыну көлемі 30 пайызға азайтуды талап еткен. Зауыттың газ тұтынуды азайтуы жұмыстың тоқтауымен бірдей дейді маман. Сондықтан мәселені тез арада шешу туралы мемлекеттік органдарға өтініш жолдаған.

Айжан Наурызғалиева, Қант, тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі қауымдастығының президенті:
Сонымен бірге «ҚазТемірТранс» компаниясы да локомативтік тарту қызметінің тарифін көтеретінін хабарлады. Сәйкесінше, өнім жеткізуге қажет вагондардың бағасы қымбаттайды. Бұл қант бағасына әсер етуі мүмкін.

Ақерке Бектас

Хабарламаларға жазылу