Елде қант импорттауға квота белгіленді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елде қант импорттауға квота белгіленді

08.07.2022

Елде қант импорттауға квота белгіленді. Ауыл шаруашылығы министрлігінің хабарлауынша, квотаның 85%-ы өңдеуге арналған құрақ қант пен тек ішкі нарықта сатуға арналған ақ қантты әкелуге, ал қалған 15%-ы құрамында қанты бар өнімдер өндіруге арналған шикізатты әкелуге беріліп отыр. Сонымен енді кедендік баж салығына төлемей, елге 102 377 тоннаға дейін шекер импорттауға рұқсат бар. Өтініштерді қабылдау бүгін басталды. 14 шілдеге дейін жалғасады. Жауапты министрлік елге осы тауардың тағы 200 мың тоннасын салықсыз әлкеуге қатысты келіссөз жүргізіп жатқанын еске салайық. Маусым соңындағы дерек бойынша, зауыттардағы өнімді есептемегенде, қорда 26 мың тонна қант бар.  

Ақерке Бектас

Хабарламаларға жазылу