Әлемнің қаржылық тұрақтылығына жоғары инфляциядан, төмен пайыздық үстемеден төнген қауіп күшейіп келеді. Мұны Вашингтонда өткен баспасөз маслихатында Халықаралық валюта қорының өкілдері мәлімдеді. Сонымен қатар, олар жаһандық экономика қазір үш үлкен сынға душар болып отырғанын атап өтті. Бұларға Ресейдің Украинаға басқыншылығы, қымбатшылықтан туындаған дағдарыс және Қытайдағы өндіріс қарқынының баяулауы кіреді.
Қордың өзге бір дерегінше, келесі жылы дүниежүзілік жалпы ішкі өнім бұрынғы болжамдағынан 0,2 пайызға кем өсіп, 2,7 пайызға ғана артады. Өйткені 2023 жылы АҚШ, Қытай және еуроаймақ тәрізді әлемнің ең ірі үш экономикасында тоқырау жалғасып, тіпті рецессия сезілуі мүмкін.
Арыстан Рысбек