Өзбекстан астанасы Ташкентте дзюдодан ХХІІ Әлем чемпионаты өтіп жатыр. 14 қазанға дейін жалғасатын жарыста ел намысын 17 спортшымыз қорғауда. Жанкүйерлер жарысты тікелей эфирде «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарнасынан немесе сайт қосымшасы арқылы көре алады. Тікелей трансляциядан бөлек әр жарыс күнінің қорытындысы бойынша арнайы шығарылым ұсынылады.