Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қазақстан, Ресей, Өзбекстан нарығын психотроптық заттармен қамтамасыз ететін зертхананы әшкереледі. Есірткі сатушылар сауданы биткоин арқылы жүргізіп отырған. 188 келі мефидрон тәркіленді. Операция барысында қылмыскерлердің криптобиржа арқылы заңсыз тапқан қаржыны қолма-қол ақшаға аударып отырған схемасы анықталды. Биткоинды айырбастайтын айлакерлер де қолға түсті. Мемлекетке 68 милллион теңге қайтарылды.
Шерхан Жамбылұлы