Шығыс Қазақстанда синтетикалық есірткі сатқандар ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шығыс Қазақстанда синтетикалық есірткі сатқандар ұсталды

29.04.2021

Шығыс Қазақстанда есірткі сатушылар ұсталды. Ұйымдасқан қылмыстық топ құрамындағы 3 адам Алматы облысының Қызылқайрат ауылында синтетикалық есірткіні дайындаумен айналысқан. Сосын өз өнімдерін автокөліктің қосалқы бөлшектері ретінде логистикалық компаниялар арқылы Шығыс өңіріне жөнелтіп отырған. Өскемендегі сыбайластары психотроптық затты бір реттік дозаға бөліп, түңгі уақытта арнайы орындарға тығып кетіп жүрген. Клиенттермен байланысты Telegram мессенджері арқылы орнатып, ақшаны электрондық төлем арқылы алған. Арнайы операция барысында 21 мен 49 жас аралығындағы 7 адам қамауға алынып, 10 кг синтетикалық есірткі тәркіленді. Күдіктілер 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылулары мүмкін.

Сағат Мадиев, облыстық Полиция департаментінің бастығы:
Әркімнің өз рөлі болды. Біреулері есірткіні жеткізуге жауапты болған. Екіншісі оларды дозасы бойынша өлшеп, ары қарай қалада белгіленген жерлерге тығып қойып жүрген.

Берік Көшербай


Шығыс қазақстан есірткі қылмыстық топ

Хабарламаларға жазылу