Жалпыұлттық социал-демократикалық партиясының өкілі Нұрлан Әуесбаев президенттікке үміткерлерге қойылатын барлық талапқа сай келеді. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының отырысында айтылды. Кандидат мемлекеттік тілді еркін меңгерген. Жалпы Әуесбаевтың мемлекеттік қызметтегі еңбек өтілі 10 жыл 8 айды құрайды. Айта кетейік, ертең 18:00-де президенттікке кандидаттарды тіркеу аяқталады. Орталық сайлау комиссиясының ақпаратынша, күні бүгінге дейін 7 үміткер тіркелген. Оның төртеуі Конституция мен «Сайлау» туралы Конституциялық заңда қойылатын талаптарға сәйкес келеді.
Серік Селубай