Алматыда түркітілдес журналистер медиафорумы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда түркітілдес журналистер медиафорумы өтті

10.10.2022

Түркітілдес журналистер арасында ақпарат алмасу жедел жүргізілуі керек. Сонымен қатар, әлемдегі саяси жағдайлар аясында түркіділдес БАҚ өкілдері ақпарат қауіпсіздігіне, хабарды тексеріп таратуға аса мән беруі қажет. Осындай мәселелер Алматыда өткізілген Түркітілдес журналистердің екінші медиафорумында талқыланды. Оған еліміздің және Қырғыстан, Өзбекстан, Италия, Ұлыбритания мен Түркиядан келген 70-ке жуық журналист қатысты. Шараның басты мақсаты - түркі әлеміндегі ақпараттық серіктестікті нығайта отырып, журналистердің ынтымақтастығын арттыру. Шара аясында семинар-тренингтер өткізілді. Сонымен қатар, «Әлеумет - қоғам айнасы» байқауының жеңімпаздары марапатталды.

Нәзия Жоямергенқызы, Түркітілдес журналистер қорының президенті:

Індеттен кейін инфодемия деген термин пайда болды. Бұл - ақпараттық манипуляцияның күшеюіне, сонымен қатар, ақпаратты жасырып қалу - фейктердің көбеюіне, көбінде деректерді тексермей беріп жатады. Бұл - журналистің әлеуметтік жауапкершілік деңгейін байқатады.

Фариза Мұсақызы

Хабарламаларға жазылу