Түркиялықтар пікірі: Саяси реформалар – демократиялық қоғамның көрінісі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркиялықтар пікірі: Саяси реформалар – демократиялық қоғамның көрінісі

10.10.2022

Қазақстандағы ахуал алыстағы ағайындардың да әрдайым назарында. Түркияда тұратын қазақтар атамекендегі оң өзгерістерге қуанып, елдегі реформаларға баға беріп отырады. Келесі айда өтетін Президент сайлауының бұрынғы сайлаулардан мәні де маңызы да өзгеше екенін айтады. Демократиялық қоғам құру жолындағы жаңа бастамалардың жемісті боларына сенеді.

Ерол Йолжу, «Катеад» Түркия қазақтары білім беру және зерттеу ұйымы басшысының орынбасары:

Шетелде өмір сүретін қазақ баласы ретінде атамекенде осындай саяси реформалар жасалғанын қуанышпен қарсы алып тұрмыз. Негізі демкратия орнауы үшін, саясатта арттан келгендерге мүмкінішілік жасалуы саяси реформалар ретніде өте пайдалы. Президенттің бір рет сайлануы, басқа үміткерлерге жол ашуы демократия жолында үлкен мүмкіншілік.

Омар Білген, түркітанушы ғалым:

Менің ең соңғы естігенім Қазақтандағы 18 жасқа толатын балаларға Қазақстанның жер астынан шыққан мұнайынан болсын, басқа металдардан болсын түскен пайдадан үлес береді деп естідім. Соған өте қуанышты болдым. Неге десеңіз ол жер біздікі, ол Отан біздікі. Мен не үшін Отанымды қорғауым керек деген кезде, ол жердің асты үстіндегі байлықтар менікі деген сезім пайда болады.

Айдос Әшімұлы

Хабарламаларға жазылу