Мүмкіндігі шектеулі жандардың дауыс беруіне үшін барлық жағдайлар жасалған - шетелдік байқаушылар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мүмкіндігі шектеулі жандардың дауыс беруіне үшін барлық жағдайлар жасалған - шетелдік байқаушылар

19.03.2023

Елімізде өтіп жатқан сайлауды бақылау үшін әлемнің 41 елі мен 12 халықаралық ұйымнан 800-ге жуық байқаушы келді. Шетелдік меймандар әр жарты сағат сайын брифинг өткізіп, дауыс берудің өтуі жайлы ақпарат беріп жатыр. Олардың сөзінше, сайлау халықаралық нормаға, стандарттарға сай өтіп жатыр. Жастардың белсенділігі жоғары және бұл демократиялық дамудың көрінісі дейді байқаушылар. Олардың пікірінше, мүмкіндігі шектеулі жандардың дауыс беруі үшін барлық қажетті жағдайдың жасалуы да өзге елдерге үлгі болуы тиіс.

Фан Чи, АӨСШК өкілі:

Бұл біздің Қазақстандағы сайлауды бақылауға алғаш келуіміз емес. Демократия деңгейі дамып жоғарылап келеді. Таңертеңнен бері бірнеше учаскеге бардық. Халықтың белсенділік жоғары. Кейбіреулер жанұяларымен барып жатыр. Мерекелік көңіл-күй байқалады. Әркімнің емін-еркін таңдау жасауына жағдай жасалған. Саяси реформалар жоғары деңгейде өтіп жатыр.

Эрхан Тюрбедар, Халықаралық Түркі академиясының вице-президенті:

Таңертеңнен бері 10 учаскені араладық. Заңбұзушылық тіркелген жоқ. Дауыс беруге адам көп барып жатыр. Соңына дейін осылай болады деп үміттенем. Бұл - демократиялық сайлау. Оған дайындық жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Сайлау учаскелері қызметкерлерінің де жұмысы көңілден шығып жатыр.

Арай Төлеген

Хабарламаларға жазылу