Елордада жүгіруден жыл сайынғы «Astana Marathon 2022» марафоны өтті. Жарысқа елдің әр өңірінен, сондай-ақ Ұлыбритания, АҚШ, Нидерланды, Испания, Оңтүстік Корея, Өзбекстан, Моңғолия және басқа мемлекеттерден барлығы 2,5 мыңнан астам адам қатысты.
2009 жылдан бері өткізілетін бұл марафон, бүгінде ерлер мен әйелдер арасындағы Орталық Азиядағы ең ауқымды жарыс. Таңғы 7-де елорданың орталық көшесінен бастау алған жарыс 42 және 10 шақырымға созылды. Барлық қатысушылар белгіленген межені орташа есеппен 2 сағатта еңсеріп, жеңімпаздар арнайы сыйлықтармен марапатталды.
Алтай Көлгінов, қала әкімі:
Бұл жыл сайынғы өткізетін марафон. 2,5 мыңнан астам келген. Негізгі мақсатымыз - бұқаралық спортты дамыту.