Путин Киевті терроризм үшін айыптады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Путин Киевті терроризм үшін айыптады

10.10.2022

Ресей президенті Владимир Путин Қырым көпіріндегі жарылысты «лаңкестік әрекет» деп атап, ол үшін Киевті айыптады. «Бұл шабуыл - азаматтық инфрақұрылымның маңызды объектісін жоюды көздеген «террористік акт» екені даусыз. Оны Украинаның арнайы қызметі дайындады», - дейді Кремль басшысы. Бұндай мәлімедемені Путин Ресей Тергеу комитетінің басшысы Александр Бастрыкинмен өткен кездесуде жасады.

Украина тағылған кінәні жоққа шығарды

Украина үкіметі болса, Мәскеу таққан кінәні жоққа шығарды. Президент Владимир Зеленский кеңсесінің басшысы Михаил Подоляктің сөзінше, көпірдегі жарылыс - Ресей Федералдық қауіпсіздік қызметі мен жекеменшік әскери компаниялар арасында «ішкі дүрдараздықтың» нәтижесі.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу