Ресей мен Қытай басшылары Украинада әскери қақтығыс басталғалы алғаш рет жүздесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресей мен Қытай басшылары Украинада әскери қақтығыс басталғалы алғаш рет жүздесті

16.09.2022

Кездесу Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының саммиті аясында өтті. Онда президент Владимир Путин Си Цзиньпиннің Украинадағы ахуалға байланысты тепе-теңдікке негізделген ұстанымына мақтау айтты. Ал коммунистік мемлекеттің жетекшісі көпшілік алдында Украинаны еске алмады. Сонымен қатар кездесу барысында Путин АҚШ пен оның одақтастарын жер шары тұрғындарына мүлде қолайсыз бір полярлы әлем құруға әрекеттеніп жатыр деп айыптады. Қытай лидері абайлап сөйлеп, өз елінің Ресеймен бірге тез өзгеріп жатқан дүниені тұрақты даму жолына бастайтынын атап өтті.


Хабарламаларға жазылу