Астанада IV халықаралық композиторлар байқауы аяқталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада IV халықаралық композиторлар байқауы аяқталды

07.10.2022

Музыкалық додаға жергілікті орындаушылармен қатар Америка, Еуропа, Азия және ТМД елдерінен 170-ке жуық жас сазгер қатысты. 20-35 жас аралығындағы жас өнерпаздар симфониялық, камералық және вокалдық шығармаларды орындады. Байқау онлайн форматта өтті. Жеңімпаздарды шетелден келген тәжірибелі композиторлар анықтады. Байқаудың бас жүлдесін италиялық сазгер жеңіп алды.

Эмилио Сесса, Италияның Қазақстандағы елшілігінің атташесі:

Сазгер Франческо Витуччиді жеңіспен құттықтауға рұқсат етіңіздер. Өнерпазымызға жоғары баға бергеніне өте ризамыз. Бұл біз үшін үлкен қуаныш пен жетістік. Италия мен Қазақстан арасындағы мәдени қатынастар белсенді дамуда. Мұны біз зор мақтанышпен айта аламыз.

Ламбриан Топузидис

Хабарламаларға жазылу