Елордада ІV халықаралық композиторлар байқауы басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада ІV халықаралық композиторлар байқауы басталды

03.10.2022

Елордада ІV халықаралық композиторлар байқауы басталды. «New Music Generation 2022» деп аталатын музыкалық додаға әлемнің 40 елінен 170 өнерпаз қатысуға ниет білдірген. Олар ұсынған 300 ден астам туындының үздігін шетелден келген ең атақты, тәжірибелі композиторлар анықтайды. 35 жасқа дейінгі жастар бағын сынайтын байқау - заманауи академиялық музыканы насихаттай отырып, жас композиторларды қолдауға мүмкіндік береді. Әрі, ұлттық өнерімізді дәріптеп, Қазақстанның мәдени танымын нығайтудың да маңызы зор. Конкурс алдағы төрт күнде онлайн форматта өтеді. Ерекшелігі сол барлық қатысушылардың есімі әзірге белгісіз, яғни құпия сөз арқылы қатысады. Жеңімпаздардың есімі 7-қазан күні белгілі болмақ.

Рахат-би Әбдісағин, қазылар алқасының төрағасы, көркемдік жетекші:

Бұл үлкен дәреже. Өйткені Бүкіл дүниежүзі осы конкурс арқылы біздің мемлекетіміз Қазақстанды біліп жатыр. Германия, Франция, Италия, Ұлыбритания, АҚШ, Оңтүстік Америка, Шығыс елдері, Қытай Жапония, Оңтүстік Корея, ТМД елдерінен де қатысушылар бар.

Раушан Сайлауқызы


Хабарламаларға жазылу