Талдықорғанда «Ел дамуының жаңа саяси дәуірі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Талдықорғанда «Ел дамуының жаңа саяси дәуірі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

07.10.2022

Талдықорғанда «Ел дамуының жаңа саяси дәуірі» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Қоғамдық даму институты бастамашы болған жиында сарапшылар Президент Жолдауындағы міндеттерді жүзеге асыру бойынша өзара пікір алмасты. «Сарап» эксперттік клубының өкілдері мемлекет басшысының Қазақстанның саяси-экономикалық даму жолындағы жаңа бағыты мен әлеуметтік мәселелерді шешу жолдарын талқылады. Жастардың қазіргі жағдайы, алдағы саяси науқан мен ішкі және сыртқы саясатқа аз-кем тоқталған сарапшылар еліміздің демократиялық даму бағытын қолдайтынын жеткізді. Президент Жолдауында айтылған мақсат-жоспарларды қолдау арқылы қоғамдық-саяси өмірге өзгеріс енгізуге болады деген ортақ пікірге тоқталды.

Елдос Жұмағұлов, Қазақстандық Қоғамдық даму институтының сарапшысы:

Жолдаудың іске асу барысы, ондағы проблемалар соны сарапшылармен бірге талқылау. Жергілікті жерде қандай проблемалар бар, соған үңілу, орталыққа жеткізу. Негізгі мақсат осы.

Серікқазы Кәкібаланов, Қазақстандық Қоғамдық даму институтының сарапшысы:

Біз сыртқы жағдайды қарайтын болсақ, алмағайып заманда етек жеңімізді жинап, бар нәрсені ерте қамданғанымыз дұрыс болады. Сол тұрғыдан келген кезде бұл Президент сайлауы өзінің дер кезінде өз уақытында өтіп отыр деп ойлаймын.

Қуаныш Қанатұлы


Хабарламаларға жазылу