Елдегі саяси өзгерістерге бей-жай қарай алмаймыз – Айбек Досымбетов - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елдегі саяси өзгерістерге бей-жай қарай алмаймыз – Айбек Досымбетов

21.05.2022

Елордада республикалық волонтерлер кеңсесінің ұйымдастыруымен референдумды қолдау тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Басқосуға «Аманат» партиясының өкілдері, қоғамдық келісім бірлестігінің жетекшілері мен үкіметтік емес ұйым мүшелері, волонтерлер қатысты. Олар алдағы болатын референдум төңірегінде пікір алмасып, саяси науқанның маңыздылығын талқылады.

Жиналғандардың айтуынша, Ата Заңға енгізілетін өзгерістер Жаңа Қазақстан құруға толық мүмкіндік береді. Сондай-ақ, қоғамдық-саяси жүйеге оң өзгеріс әкелетін алдағы рефендумға еріктілердің де өз үлесін қосатыны айтылды.

Айбек Досымбетов,«Birgemiz» республикалық волонтерлер фронт-кеңсесінің бас үйлестірушісі:

Бұл өзгерістің барлығы болашақ Қазақстанның нығаюына үлкен үлесін қосады. Бұл тақырыпта волонтерлерде өз үлесін қосады. Бір елде өмір сүріп жатқан соң, саяси өзгерістерге бей-жай қарай алмаймыз.


Хабарламаларға жазылу