ОПЕК+ елдері шикізат өндірісін азайтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ОПЕК+ елдері шикізат өндірісін азайтады

06.10.2022

Мұнай экспорттаушы елдер қараша айынан бастап шикізат өндірісін тәулігіне 2 млн баррельге азайтады. Кеше Венада өткен ОПЕК+ келісіміне қатысушы мемлекеттердің отырысында тараптар осындай келісімге келді. Негізгі мақсат – Brent сұрыпты мұнай бағасын жоғары деңгейде ұстап тұру. Осылайша Қазақстан қарашада мұнай шығару көлемін 78 мың баррельге дейін төмендетеді. АҚШ бұл шешімді әлемде геосаяси жағдай әлемдік экономикаға кері әсер етіп жатқанда құптамайтынын айтады. Әрі қараша айында нарыққа стратегиялық мұнай резервінен тағы 10 миллион баррель шикізат жеткізілетінін жариялады.  

Ақерке Бектас

Хабарламаларға жазылу