«Ұлы дала перизаттары» сайысы басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Ұлы дала перизаттары» сайысы басталды

04.12.2014
«Ұлы дала перизаттары» сайысы басталды

«Ұлы дала перизаттары». Осындай атаумен бүгін Елордада Қазақстан дизайнерлерінің байқауы басталды. Сайыста еліміздің әр аймағынан келген жоғары және орта оқу орындарының дизайнерлері бақ сынауда.

Сайыстың негізгі мақсаты – ұлттық құндылыққа бай қазақ киімдерін, қазіргі заманға лайықтап ел назарына ұсыну. «Себебі, жастар ұлттық нақыштағы киімдерді қаз-қалпында кимейді, оны қазіргі заман үлгісіне лайықтап дайындау керек»,- дейді мамандар.

«Отбасы» ұлттық құндылықтар орталығының ұйтқысымен ұйымдастырылып отырған бәйгеде асығы алшысынан түскен дизайнерге қаржылай сыйлық қарастырылған.

Хабарламаларға жазылу