Әскерилер Абай өлеңін оқыды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әскерилер Абай өлеңін оқыды

12.08.2022

Бірнеше елдің әскерилері Абай өлеңін жатқа оқыды.

Қарағанды облысында халықаралық Арми сайысы аясында «Артиллериядан оқ ату шеберлерінің» сайысы басталды. Жарысқа Қазақстан, Армения, Беларусь, Вьетнам, Қытай, Мали, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан сарбаздары қатысып жатыр. Олар Абай күніне орай ұлы Хәкімнің ескерткішіне құрмет көрсетіп, ақынның жыр-шумақтарын оқыды.

 Шерхан Жамбылұлы


Хабарламаларға жазылу