Қоғамдық бірлестіктер Қ.Тоқаевтың кандидатурасын ұсынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қоғамдық бірлестіктер Қ.Тоқаевтың кандидатурасын ұсынды

05.10.2022

Бүгін Ұлттық волонтерлер желісі Қасым-Жомарт Тоқаевты президенттікке кандидат ретінде ұсынды. Олар Мемлекет басшысының еріктілер қозғалысына барынша қолдау көрсетіп, оның дамуына қосқан үлесі зор екенін айтады.

Әнуар Жұмабеков, волонтер:

Мемлекет басшысы үздіксіз түрде қазақстандық волонтерлерді қолдайды. Атап өтсек, 2020 жылды волонтерлер жылы деп жариялауы. Сонымен қатар Біріккен Ұлттар ұйымының Бас Ассамблеясының 75-ші сессиясында ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев дүниежүзілік тарихта ешқашан болмаған әлем волонтерін бірауыздан халықаралық деңгейде жұмылдыру туралы бастама көтерді.

Сондай-ақ, Ардагерлер ұйымы да Қасым-Жомарт Тоқаевты президент сайлауына үміткер ретінде ұсынды. Олар үміткердің халықаралық қауымдастық мойындаған жоғары біліктілігі, білімі мен толайым тәжірибесі елімізді жаңа белестерге жетелейтінін айтады


Хабарламаларға жазылу