Қостанай облысында біздің елге шекарадан заңсыз өтуге әрекеттенген Ресейдің екі азаматы кері қайтарылады. Денисов аудандық соты оларға қатысты осындай үкім шығарды. Екі шетелдік 25 қыркүйек күні, таңғы сағат алтылар шамасында шекара арқылы Қазақстанға жасырын өтпек болған. Алайда олардың жоспары жүзеге аспай, қолға түсті. Істі қараған сот екі азаматты мемлекеттік шекара режимін бұзу бабы бойынша айыпты деп таныды. Енді олар Қазақтан аумағынан шығарылады.
Дәуренбек Әбдібек