Қостанай облысында шекарадан есірткі өткізбек болғандар ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанай облысында шекарадан есірткі өткізбек болғандар ұсталды

21.01.2022

Қостанай облысында шекарадан есірткі алып өтпек болған екі адам ұсталды. Олардың бірі 5 гр гашишті дәретхана қағазына орап жасырған. Екіншісі осындай көлемдегі марихуананы жол сөмкесінің қалтасына салып өтуге әрекеттенген. Екеуі де ел азаматтары.

Сонымен қатар «Мағнай» шекара бөлімінің сарбаздары мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтпек болған тағы бір азаматты қолға түсірді. Күдіктілердің бәрі құқық қорғау органдарына тапсырылды. 

Дәуренбек Әбдібек


Хабарламаларға жазылу