Жоғары оқу орындарында қоғамдық қабылдау бөлімі ашылды. Басты мақсат - университеттегі мәселені анықтап, студент-ата-ана және басшылық арасында тиімді кері байланыс орнату. Қоғамдық қабылдау кеңселеріне өтініш-шағыммен ғана емес, тың идеялар ұсынып, жүгінуге болады. Арнайы «QR» код қойылған. Оны сканерлеу арқылы ұсыныс жолдап, фото-видеоларды жүктеуге кез-келген студенттің мүмкіндігі бар.
Саясат Нұрбек, ҚР Ғылым және жоғары білім министрі:
Жатақхана, инфрақұрылым, білім сапасы – сол мәселелердің бәрін енді студенттер бір жерге барып, бір жерден шеше алады. Оның алдында көбісі ректорларға жазылады. Проблемаларын шеше алмай жүретін еді. Ата-аналар келеді, кімге, қашан барам деп бір адамға ұмтылатын еді. Енді осындай арнайы институтционалды механизм арқылы біз студенттердің, оқытушылардың, тұрғындардың проблемаларын бір жерден шешуге тырысамыз.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Жоғары оқу орындарында қоғамдық қабылдау бөлімі ашылды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv/index.php/news/164650/)