Президент: Ең алдымен еліміздің қауіпсіздігін ойлауымыз керек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент: Ең алдымен еліміздің қауіпсіздігін ойлауымыз керек

02.10.2022

Бейбіт әрі бейтарап. Төрткүл дүниенің әр түкпірінде дүрбелең, Қазақстан таңдаған жол - осы. Түркістан облысына сапарында президент былай деді: «Айналамызда ауқымды соғыс болып жатыр. Біз осыны ескере отырып, ең алдымен, еліміздің қауіпсіздігін ойлауымыз керек».

Иә, «аумалы-төкпелі», «қиын-қыстау кезең» деген сөз тіркестерін жылда естиміз. Бірақ дәл бүгінгідей өзекті болған емес. Көкейде сауал көп. Бастысы: қайткен дұрыс? Кей саясаттанушылар бірінші, екінші дүниежүзілік соғыстар кезіндегі Швейцарияның ұстанымын мысалға келтіреді. Еуропадағы ең бай елдердің бірі қазір де бейтарап саясатты құптайды. Одан тек ұтып жатыр.

Альбина Әшім

Хабарламаларға жазылу