Астананың энергетикалық жүйесі «Сарыарқа» газ құбырына қосуға әлі дайын емес - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астананың энергетикалық жүйесі «Сарыарқа» газ құбырына қосуға әлі дайын емес

27.10.2019

Президент астананың энергетикалық жүйесі «Сарыарқа» газ құбырына қосуға дайын болмағанын сынап, «Бұл – мүлдем түсініксіз мәселе. Қалай болған? Биылға көзделген 2,7 млрд теңге басқа өңірлерге беріледі. Біз ең бірінші кезекте астананы газдандыру жайын ойлауымыз керек еді. Өйткені қыста қала түтінге оранады...»,- деген Нұр-Сұлтанның дамуы талқыланған жиында.

Сонымен астана аспаны биыл да көк түтінге оранады. Көмір жағатын талай тұрғын бейнеттен биыл да арылмайды. Әйтеуір «сәл қалды, қырқына шыдағанда, қырық біріне шыдамаймын ба» деген сәуле ғана бойды жылытады. Көмір пешпен бірге.

Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ 


Хабарламаларға жазылу