Жылжымайтын мүлік федерациясының басшысы жалдау ақысын арзандатудың жолын ұсынды. Ермек Мүсіреповтың айтуынша, бағаны түсір деп үй қожайындарын мәжбүрлеу секілді шаралар ешқандай нәтиже бермейді. Тығырықтан шығарар жол – жалға берушілердің заңды түрде жұмыс істеуіне жағдай жасау. Қазір нарықтың 70 пайызы көлеңкеде қалып отыр. Оның үлесін азайту үшін цифрлық платформа керек, дейді Мүсірепов.
Ермек Мүсірепов, Жылжымайтын мүлік федерациясының басшысы:
Цифрлық платформаны кез келген банкпен және мемлекеттік органдардың базасымен байланыстыру қажет. Кейін осы платформада жалға алушы мен беруші оп-оңай келісім-шартқа отырып, салық төлей алуы керек. Әрі мүлік иелері бірлестігі тұрғын үйде қанша пәтердің жалға берілетініне бақылау жүргізуі тиіс. Бұл көлеңкелі бизнесті азайтады.
Досжан Маратұлы