Қазақстан азаматтарын жұмыспен қамтуға басымдық беріледі - министр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан азаматтарын жұмыспен қамтуға басымдық беріледі - министр

28.09.2022

Халықты жұмыспен қамту кезінде Қазақстан азаматтарына басымдық беріледі. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі мәлімдеді.

«Жеке меншік компанияларда шетел азаматтары үшін квота бар екен. Бұған қоса Еуразиялық экономикалық одақ аясында да сақтайтын нормалар бар. Ал мемлекеттік компаниялар Қазақстан азаматтарын жұмысқа алуға басымдық береді. Қазір нарықта IT-мамандарға сұраныс жоғары», - деді министр. Көктемнен бері Беларусь, Украина, Ресейден осы салаға қызығушылық танытқандар көп. Қалай болғанда да ең алдымен жұмыспен қазақстандықтар қамтылады.

Әлібек Қуантыров, ҚР Ұлттық экономика министрі:

Үкіметтің ең басты міндеті – Қазақстан азаматтарының жағдайын жасау. Ұлттық мүддені қорғау. Сондықтан жұмыспен қамту кезінде өз азаматтарымызға басымдық беріледі. Ал келіп жатқан шет елдіктер отандастарымыздың арасында сұранысқа ие емес, құрылыс саласы секілді маусымдық жұмыстарға тартылады. Ал қылмысқа қатысты айтар болсам, бұл мәселені Ішкі істер министрлігі қатаң бақылауда ұстайды деп ойлаймын.

Дарын Сағитов


Хабарламаларға жазылу