Кубаның кей өңірлерін тасқын судың астында қалдырған Ян дауылы АҚШ-тың оңтүстік-шығысына таяп қалды. Қазір Флорида штатының барлық округінде төтенше жағдай жарияланды. Ал жергілікті жұрт жаппай дүкен жағалап, күнделікті қажет тауарларды сатып алып жатыр. Кадрлардан босап қалған сөрелерді көруге болады. Ұлттық дауыл орталығының хабарлауынша, алдағы күндері жел қарқыны күшейе түседі. Аптаның ортасына қарай тіпті, Флорида түбегінде су тасқынына ұласуы мүмкін делінген.
Жалғас Сәдібекұлы