Мұнай-химия саласын дамытуға 14 млрд доллар инвестиция тартылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мұнай-химия саласын дамытуға 14 млрд доллар инвестиция тартылады

28.09.2022

Алматыда «Мұнай және газ» 28- халықаралық KIOGE конференциясы басталды. Елімізге Әзербайжан, Бахрейн, Канада, Жапония сынды елдердің 196 мұнай-газ комппниясының өкілдері келіп, аталмыш шараға қатысып жатыр. Олар мұнай-газ өндіретін кәсіпорындарға жаңа технологиялық бағдарламалар ұсынды.

Еліміздің мұнай-газ өнеркәсібін дамыту тақырыбында пленарлық отырыс басталды. Жиынға энергетика министрі Болат Ақшолақов, Қазмұнайгаз басқарма төрғасы Мағзұм Мырзағалиев қатысуда. «Тенгизшевройл», «Казакгаз» сынды осы саладағы компания өкілдері де осында. Министр Болат Ақшолақовтың айтуынша, 2025 жылға дейін мұнай химиясына 14 миллиард доллар инвестиция тартылады. 40 мың жаңа жұмыс орыны ашылады. Газ өңдеудің жаңа стратегиясы қабылданбақ. Газ өңдейтің жаңа зауыттар салынады.


Хабарламаларға жазылу