Қостанай облысында көші-қон қызметіне тіркелетін шетелдіктер саны соңғы күндері үш есе артқан. Бұл туралы осы салаға жауапты мамандар мәлімдеді. Мұндай жағдай Ресейде ішінара мобилизация жарияланғаннан кейін қалыптасып отыр. Халыққа қызмет көрсету орталықтарында да олардың қарасы көбейген. Ресейліктер ЖСН, электронды қолтаңба және уақытша тұру тіркеу құжаттарын алып жатыр. Шекарадан өткен шетелдікті қабылдап алушы жақ үш күн ішінде көші-қон полициясын хабарландыру арқылы тіркеуге тиіс. Ал тіркеуге тұрмағандарды полиция анықтап, тиісті шара қолданады.
Гүлжанат Күдебаева, Облыстық ПД көші-қон қызметінің бөлімі бастығы:
Оны полиция органдары қызметкерлері рейд кезінде немесе әрбір учаскеге келгенде бәрібір көреді. Егер тіркеуде болмаса оны анықтап, қадағалап отырады.
Дәуренбек Әбдібек