Бас прокуратура жекелеген блогерлердің фейк-ақпараттарына қатысты үндеу жариялады. Қадағалаушы орган танымал тұлғалардың ұсталғаны туралы жекелеген блогерлердің ақпаратына сенбеуге шақырды. Мұндай фейк мәліметтер қоғамда жалған пікір қалыптастырып қана қоймай, сонымен бірге қоғамдық тәртіпке де теріс әсер етуі ықтимал. Шындыққа сәйкес келмейтін осындай мәліметтерді таратуды көбіне блогерлер қасақана, өздерінің және үшінші тұлғалардың мүдделері үшін жүзеге асырады. «Олардың мақсаты – жеке пайда табу және бопсалау арқылы материалдық табыс көру», - делінген үндеуде. Ұлттық алауыздықты қоздыруға, бопсалаушылыққа, көрінеу жалған ақпарат таратқандар Қылмыстық кодекстің 174, 194 және 274-баптары бойынша жауапқа тартылады.
Жандос Өмірәлиев, ҚР Бас прокурорының орынбасары:
Осыған байланысты, ҚР Бас прокуратурасы ел азаматтарын, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін, әлеуметтік желілердің пайдаланушыларын заңнаманы бұлжытпай сақтауға және жоғарыда келтірілген кез келген құқық бұзушылықтардың жасалуына жол бермеуге, арандатушылыққа бой бермеуге және тек ресми ақпарат көздеріне ғана сенуге шақырады.
Дарын Сағитов