Филиппин аралдарына дүлей дауыл соққы берді. 5 адам қаза тапқан. Су тасқыны жүріп, 74 мың адам қауіпсіз жерге көшірілді. Миллиондаған тұрғын электр жарығынсыз отыр. Тайфун кезінде желдің жылдамдығы сағатына 240 шақырымға жеткен. Ел астанасы Манилада да/ тасқын жүруі мүмкін екені ескертілді. Дауылдан зардап шеккен аудандарға көмек көрсетіліп жатыр.