Испанияда дүлей дауылдан 4 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Испанияда дүлей дауылдан 4 адам қаза тапты

01.04.2024

Испанияның бірқатар аумағында «Нельсон» дауылы ойран салды. Табиғи апаттан 4 адам қаза тапқан. Дауыл кезінде теңізде алып толқын көтеріліп, биіктігі 8 метрге жеткен. Желдің екпінінен ағаштар құлап, жолдарды су шайған. Ауа райының қолайсыздығына байланысты елде Пасха мерекесіне байланысты іс-шаралар өткен жоқ. Көптеген өңірде қатты желге байланысты жарияланған сарғылт түсті ескертуі әлі де сақталып отыр.

Арай Төлегенқызы


Хабарламаларға жазылу