Сайлау кезінде мүгедектігі бар азаматтар үшін барлық жағдай жасалады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сайлау кезінде мүгедектігі бар азаматтар үшін барлық жағдай жасалады

26.09.2022

Алдағы сайлау кезінде дауыс беруге арналған ғимараттар мүгедектігі бар азаматтар үшін барынша қолжетімді болуы қажет. Орталық сайлау комиссиясының отырысында  жарымжан және ерекше күтімді қажет ететін азаматтарға жағдай жасау туралы қаулы бекітілді. Жергілікті атқарушы органдар ғимаратқа кіреберісте тұтқа, пандус, сондай-ақ басқа да қажетті керек-жарақты қарастыруы тиіс. Мүмкіндігінше дауыс беру кабиналары ғимараттың бірінші қабатында орналасқаны жөн. Ал жоғары қабатта болса, мүгедек азаматтардың көтерілуіне жағдайы жасалуы тиіс.

Нұрлан Әбдіров, ҚР орталық сайлау комиссиясының төрағасы: 

Жергілікті атқарушы органдар сайлау учаскелерінде мүгедектігі бар азаматтардың дауыс беру жағдайларын қамтамасыз ету бойынша қажетті шараларды қабылдасын. Мүгедектігі бар азаматтардың дауыс беру жағдайын қамтамасыз ету жөніндегі жұмыста сайлау комиссияларына жәрдем көрсетсін.



Хабарламаларға жазылу