Ақтөбе обылысының Ойыл ауылындағы Көкжар жәрмеңкесіне 155 жыл толды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбе обылысының Ойыл ауылындағы Көкжар жәрмеңкесіне 155 жыл толды

26.09.2022

Әйгілі «Жібек жолының» бойында орналасқан Көкжар жәрмеңкесіне 155 жыл! Ақтөбе обылысының Ойыл ауылында орналасқан тарихи сауда нысандарының жұмысы қайта жанданды.

Мерекелік шара театрландырылған қойылыммен басталды. Бір мезетте 50 домбырашы күйден шашу шашты. Араб, орыс,татар және өзбек саудагерлерін сомдаған әртістер шараның көркін одан әрі аша түсті.

Жәрмеңке аясында ұйымдастырылған жыршылар фестиваліне көршілес Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының да өнерпаздар келді.

Көкжар жәрмеңкесі ресми түрде 1867 жылы ашылған. Ол жылына екі рет өтіп отырған. Тастан қаланған ескі сауда алаңдарын 20 жыл бұрын Ойыл халқы өз күштерімен қалпына келтірді. Әр жыл сайын күз мезгілінде бұл жерде ауыл шаруашылығы өнімдері саудаға шығарылып келеді.

Ғазиз Займолда, Еңбек ардагері:
Осы уақытқа дейін бәрі бұзылып жатырған еді. Есік жоқ, төбелері құлап жатты. Бюджеттен 3 миллион теңге бөлді. Сосын халық өздері бір күндік ақшаларын берсе, мұғалімдер ай сайын айлығынан 10 пайыз бердіп отырды.


Ж. Кемал, А.айтмағамбетов

Хабарламаларға жазылу