Биыл Халық ақыны Нұрпейіс Байғаниннің туғанына – 155 жыл - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Биыл Халық ақыны Нұрпейіс Байғаниннің туғанына – 155 жыл

05.11.2015
Биыл Халық ақыны Нұрпейіс Байғаниннің туғанына – 155 жыл

Биыл Халық ақыны Нұрпейіс Байғаниннің туғанына  155 жыл толды. Осыған орай Мемлекеттік орталық мұражай мен  Нұрпейіс Байғанин атындағы хор бірлесіп, «Ұмытпас  мені ғасырлар» атты мемориалдық көрме ашты.

«Нұрпейіс Байғанин қазақтың сонау ғасырлардағы мәдениеті, тарихы, ауыз әдебиетін бүгінгі күнге таза қалпында жеткізуші ақындардың бірі»,-дейді филология ғылымдарының кандидаты Сансызбай Мәдиев.

Нұрпейіс Байғанин – айтыскер әрі төкпе ақын. Оның шығармашылығы батырлар жырын жырлаудан басталып, өзінің «Қарасай Қази», «Нарғыз», «Ақкенже» туындыларымен жалғасқан. Ол батырлық жырларында ауыз әдебиетінің үлгілерін шебер пайдаланып, оны жазба әдебиеттің биігіне көтерген ақын.

Ақынның өлеңдері шешендік сөздерге, нақылға толы. Бұл турасында ақынның немересі Ерболат Байғанин: «Нұрпейіс Байғаниннің тілі жеңіл. Оның өлеңдерінде кездесетін сөздер халық арасында мақал-мәтел сияқты кең тараған. Ол өзі өмір сүрген заманды ғана емес,  өзі қатысқан барлық оқиғаны да шынайы суреттеген ақын. Нұрпейіс Байғанин халқын түсінді, халқын сүйді. Оның шығармаларында осының бәрі көрініс тапқан»,-деп еске алады.

Көрмеге Байғаниндер әулетінің жеке мұрағатында және музей қорында сақталған ақынның фотосуреттері мен жеке заттары қойылды.

Бүгінде Ақтөбе облысында Байғанин ауданы бар. Ақтөбе және өзге қалалардағы көшелер мен мектептерге ақынның аты берілген.

Толығырақ «Таңшолпаннан» көріңіз.

Хабарламаларға жазылу