Сыртқы істер министрлігі ЛХР және ДХР референдумына қатысты түсініктеме берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сыртқы істер министрлігі ЛХР және ДХР референдумына қатысты түсініктеме берді

26.09.2022

Қазақстан үшін - мемлекеттердің аумақтық тұтастығы маңызды. Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі өзін өзі жариялаған Луганск мен Донецк Халық республикасы, сондай-ақ Запорожье мен Херсон облыстарындағы Ресейге қосылу туралы референдум жөнінде осылай деді. Қазақстан мемлекеттердің аумақтық тұтастығы, олардың егемендік теңдігі және бейбіт өмір сүру қағидаттарын негізге алады. Президент бұл жөнінде бірнеше рет айтты. Жуырда БҰҰ мінберінде сөйлеген сөзінде осы дүниежүзілік әмбебап ұйымның Жарғысына негізделген халықаралық құқық қағидатын бұлжытпай сақтаудың маңыздылығы туралы мәлімдеді. Қазақстан саяси диалог орнату үшін жан-жақты қолдау көрсетуге дайын. Бұл ретте тұрақтылықты өңірлік әрі жаһандық деңгейде сақтау аса маңызды.  

Хабарламаларға жазылу