Президенттің бір мерзімге сайлануы Қазақстанды жаңа деңгейге көтереді – Дархан Мыңбай - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президенттің бір мерзімге сайлануы Қазақстанды жаңа деңгейге көтереді – Дархан Мыңбай

26.09.2022

Президенттің бір мерзімге ғана сайлануы - елді демократияландырудың көрінісі. Қоғам пікірі осындай. Алдағы кезектен тыс саяси науқан жаңа Қазақстандағы жаңа сайлау болмақ. Себебі халық ел Президентін 7 жылға, бір мерзімге ғана сайлайды. Мемлекет басшысын бір мерзімге ғана сайлау/ дамыған елдердің басым көпшілігінде бар тәжірибе, - дейді олар. Сондықтан бұл саяси қадам жаңа белестерді еңсеруге мүмкіндік береді.

Дархан Мыңбай, ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты:

Ертеңгі күнге деген үлкен үміт арту және әлемдік үрдістен қалмай деген сөз. Бір реттік сайлануы Президенттің бұл өзін өзі ақтайтын, менің ойымша барлық адамдарды жұмылдыратын, Қазақстанды жаңа бір деңгейге көтеретін мерзім деп ойлаймын. 

Светлана Иманқұлова, заңгер:

Бір реттік сайлау Президентті – бұл монополизациядан сақтаудан. Қазір рухы мықты, қазақтың нағыз патриот, ұлтжанды азаматтары өсіп келе жатыр ғой, жас буындар. Соларға да мотивация. Алға ұмтылу жолында бір жаңа серпіліс береді деп ойлаймын. 

Хабарламаларға жазылу