Сарапшы: Сайлау датасы ұтымды таңдалған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сарапшы: Сайлау датасы ұтымды таңдалған

26.09.2022

 «Мемлекет басшысы 20 қарашаға жоспарланған президент сайлауы әділ әрі қатаң түрде заң аясында өтетін айтты. Бұл азаматтардың саясатқа көбірек араласуына мүмкіндік береді», - дейді саясаттанушылар. Одан қалды науқан жаңа реформаларды жүзеге асыруда бірегей механизм рөлін атқармақ. «Қазір ТМД аумағында геосаяси жағдай ушығып тұр, десе де сайлаудың датасы ұтымды таңдалған», - дейді сарапшы.

Джабраил Мархиев, саясаттанушы:
Қасым-Жомарт Тоқаветың реформалар бастамасын қолдаймыз, сайлаудың өткізілуі өте дұрыс шешім. Жалпы бүгінде әлемде шиеленістер мен түрлі қақтығыстар көп. Осы орайда, халыққа қауіпсіздік сенімін ұялату маңызды. Алдағы сайлау науқанын жұртшылық бейбітшілік пен тұрақтылықтың көрінісі деп қабылдаса болады.

Нұрсұлтан Тілектес 

Хабарламаларға жазылу