Мұндай шешім ЮНЕСКО-ның үкіметаралық комиссиясының 9-сессиясында қабылданды.
Қазақ үшін киелі күй өнерін адамзаттың рухани мұралар тізіміне енгізу туралы ұсынысты біздің ел ЮНЕСКО-ға 2012 жылы жіберген-ді.
Әлемнің 24 мемлекетінің өкілдерінен құралған арнайы комиссия араға екі жыл салып, ұсынысты қанағаттандырды.
Мәртебелі ұйымның қақ төрінен күй - қазақтың төл өнері екені баршаға жарияланды.
Нұрсұлу ҚАСЫМ