Дүлей дауыл соққы берген Жапонияда алапат су тасқыны басталды.
Табиғи апаттан 2 адам қаза тапқан. Әсіресе Сидзуока қаласында ахуал күрделі. Бейсенбіден бері мұнда 417 мм жаңбыр жауған. Көшелер өзенге айналып, су мен электр жарығын беру үзілді. Ауа райы мамандары жауын әлі де жауатынын ескертіп отыр. Сонымен бірге тасқын қайта басталып, лай көшуі мүмкін.
Арай Төлегенқызы