БҚО-да 400-ге жуық шаруа қожалығы субсидия ала алмай отыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

БҚО-да 400-ге жуық шаруа қожалығы субсидия ала алмай отыр

23.09.2022

Батыс Қазақстан облысында 400-ге жуық шаруа қожалығы малға уақтылы сырға салмағандықтан, субсидия ала алмай отыр. Биыл 254 мың бас малды тіркеу жоспарланған. Алайда ветеринар басқармасы бұл шараға қажет құрал-жабдықтарды алу үшін мемлекеттік сатып алуды уақтылы ұйымдастырмаған. Кесірінен мыңдаған мал тіркеусіз қалды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің араласуынан кейін ғана мәселе шешіліп келеді. Тиісті стансалар қажет құрал-жабдықтармен қамтылып, жемқорлыққа жол берілмеді.

Динара Жұмабаева, облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басқармасының бас маманы:

Қабылданған шаралардың нәтижелері бойынша облысқа ірі қара мал таңбалауға арналған 271 мыңға жуық құлақша және түйеге арналған 480 құлақша салынды. Ірі қара мал төлін толық сәйкестендіруді қамтамасыз ету үшін ағымдағы жылы жергілікті ветеринарлық станцияларға ірі қараны таңбалау үшін қосымша 45 730 дана бирка берілді.


Хабарламаларға жазылу