Шаруасы шалқыған қожалық - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шаруасы шалқыған қожалық

13.12.2014
Шаруасы шалқыған қожалық

Ұлан ауданындағы «Багратион» қожалығы еліміздің Тәуелсіздімен түйдей құрдас.

Ұлан ауданындағы ең ірі ауыл шаруашылығы кешені Привольное ауылында орналасқан. Кезінде осындағы кеңшарды басқарған Василий Воропай қиын қыстау кезде де шаруашылықтың шаңырағын шайқалтпай сол қалпында сақтап қалды. Тәуелсіздік таңы атқанда алғашқылардың бірі болып, жаңа қожалық ретінде тіркеліп, тындырымды тірлігін ілгерілетіп әкетті. Бүгінде әке бастаған жұмысты балалары жалғастырып жүр.

Қазір қожалықта 1500-ге жуық ет және сүт бағытындағы сиыр, бір мың марал, 400 жылқы бар. 450 адамды жұмыспен қамтып отыр.

Бүгінде Ұлан ауданында ірілі-ұсақ 1 мыңға жуық шаруа қожалығы бар. Дені мемлекет берген субсидияның арқасында төрт-түлікті түлетіп, техникаларын жаңартып жатыр. Тек осы жылдың басынан бері  аудандағы қожалықтар 1,5 миллиард теңге субсидия алыпты.

Берік КӨШЕРБАЕВ

Хабарламаларға жазылу