Сыртқы істер министрлігі ресейліктер санының артуына байланысты түсініктеме берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сыртқы істер министрлігі ресейліктер санының артуына байланысты түсініктеме берді

23.09.2022

Ресми сайтта жарияланған жазбада жағдайдың толық бақылауда екені жазылған. Десе де көрші ел азаматтарының елге кіруіне тыйым салынбайды. Өйткені қолданыстағы заңдар мен халықаралық шарттар бұған жол бермейді. Бірақ кез-келген шетел азаматының Қазақстан аумағында мерзімсіз жүруіне болмайды. Олар көші-қон заңнамасының талаптарын сақтауы қажет. Сондықтан қазақстандықтарды күрделі жағдайда қонақжай болуға шақырды. Бұдан бөлек, «Айналамызда геосаяси ахуал ушығып тұрғанда біз ұлттық қауіпсіздіктің басымдығына сүйенетін боламыз. Әлемде орын алған құбылмалы ахуал біздің мемлекетіміздің тұрақтылығы үшін сынақ болып отыр» делінген жазбада.


Хабарламаларға жазылу