Бельгиялық жанкүйерлер: Димаштан артық әнші жоқ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бельгиялық жанкүйерлер: Димаштан артық әнші жоқ

23.09.2022

Тума таланттың қазір әлемде миллиардтаған табынушысы бар. 70 елде Димаштың фанаттық топтары құрылған. Түрлі себеппен бүгін Алматыда өтетін концертіне келе алмағандары әлеуметтік желі арқылы сүйікті әншілеріне құттықтауларын жаударып, ән кешінің сәтті өтуіне тілек білдіруде.

Бельгиялық фан-клубтың өкілдері Димаштың «әлемдегі ең үздік жанкүйерлері» деген атқа ие болуға барын салмақ. Олар Алматыға бірнеше делегатты аттандырып, қалғандары концертті «Qazaqstan» ұлттық арнасынан көруге асығып отыр. Хас таланттың табынушылары, «әлемде Димаштың дауысына теңдесетін үн жоқ. Оның бірде жылатып, бірде күлдіретін әндері жан-жарасын емдейтін шипа», дейді.

Хельда Даниеэлс, Димаштың Бельгиядағы жанкүйері:

Мен үшін әлемде Димаштан артық әнші жоқ. Ол әр әнді бар жан-тәнімен сезініп айтады. Менің 66 жаста осылай жарқырап жүруім Димаштың сырлы әндерінің арқасы. Сондықтан кумиріме бүгінгі концертте сәттілік серік болсын деп тілеймін.

Кристель Пиекара, Димаштың Бельгиядағы жанкүйері:

Димаштың дауысының құдіретіне тамсанам. Оның Лондондағы, Еуропадағы концерттерінен қалған емеспін. Бірақ, осы жолы жұмысыма байланысты Алматыдағы ән кешіне жолым түспеді. Ол концертті көрген де арманда, көрмеген де арманда. Керемет өтеді деген сенімдемін. Бұйыртса, Димаштың Қазақстандағы келесі концертіне міндетті түрде барып, елдеріңізді асықпай аралаймын.


Хабарламаларға жазылу