Димаш шырқаған Әнұранға әлем жұрты тамсанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Димаш шырқаған Әнұранға әлем жұрты тамсанды

23.09.2022

Геннадий Головкин мен Сауль Альварестің жекпе-жегінде шырқалған Қазақстан әнұранына әлем жұрты тамсанды. Жанды дауыста орындаған Димаш Құдайбергеннің дауысына таң қалысын жасыра алмаған шетелдіктер әлеуметтік желіде пікірін әлі де бөлісіп жатыр.

Rooftop деген қолданушы «Қазақстан әнұранын шырқаған мына жігіттің орындауы өзгесінен ерекше. Осы уақытқа дейін тыңдаған Әнұранның ең үздігі. Орындаушысы керемет» десе,

Free Speechman «Мен Қазақстанның әнұраны осындай керемет деп ойламаппын» деп жазған.

Ал Julissa Natzly «Бұл жекпе-жектегі нағыз жеңімпаз – Қазақстан әнұранын орындаушы» деген.

Guadalupe есімді тіркелуші «Қазақстан әнұранының орындаушысы үздік, кешіріңіз Мексика!» деп пікірін жазған.

Miss Atomic деген шетелдік «Мына әнұранды орындаушынының бейнежазбасын тауып алуым керек. Өте тамаша орындады» деп жазба қалдырған.

JP Ordillas болса «Қазақстан әнұранын орындаушы – керемет жұлдыз!» деп Димаштың дауысына жоғары баға берген.


Хабарламаларға жазылу