Шымкентте кәсіпкерлердің ісіне заңсыз араласқан лауазым иесі қомақты айыппұл төлеп, өмір бойына мемлекеттік қызметтен аластатылды. Медицина және фармацевтикалық бақылау комитеті, Түркістан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары болып қызмет атқарған Ерлан Құрбанқожаев кәсіпкерлерден жүйелі түрде пара алған. Ол қызмет бабын пайдаланып, медқызмет көрсетуге рұқсат беретін лицензияны қомақты ақшаға сатқаны анықталды. Сот шешімімен лауазымды тұлға 27 миллион теңге айыппұл төледі. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті дәл осындай 5 заңсыздықты анықтап, кінәлілерді жауапқа тартты.