Павлодар облысында жолды уақытында тазаламағандар айыппұл төлейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодар облысында жолды уақытында тазаламағандар айыппұл төлейді

25.11.2021

Павлодар облысында жол уақытында тазаланбайды және көлік қозғалысына кедергі көп. Мұндай деректерге қатысты жергілікті полиция 1 255 әкімшілік хаттама рәсімдеді. Жолдағы көктайғақ пен қардың тазаланбауы, ойықтардың бітелмей жатуы сынды апатты жағдайлар тудыратын деректер тіптен көп. Сондай-ақ темір жолды көлденеңінен кесіп өтетін 185 өткелде ақау табылған. Жарық жоқ, арнайы жол белгілері қойылмаған. Енді осы олқылықтарға жол берген 25 лауазымды тұлға 730 мың теңге айыппұл төлейді.

Бауыржан Мақашев, Әкімшілік полиция басқармасының аға инспекторы:
Облыс бойынша 209 лауазымды тұлға, онын ішінде ауылдық округтердегі 21 әкім жауапкершілікке тартылды. Оларға 6 млн теңге айыппұл төлеуге міндеттедік. Қазір ауа райы өте кұбылмалы болып тұр. Сондықтан біз жолдардың таза, ашық болуын қамтамасыз ету үшін бақылауды күшейттік.


Хабарламаларға жазылу